Ботаника
Курс туралы
CLIL (мазмұн мен тілді кіріктіре оқыту) технологиясына негізделген Ботаника курсына қош келдіңіз!
Бұл курс өсімдіктер әлемін тереңірек танып қана қоймай, ағылшын тілін де жетілдіруге бағытталған. Сабақтар барысында сіз ботаника ғылымының негізгі ұғымдарын толықтай ағылшын тілінде меңгеріп, ғылыми тілде ойлау мен сөйлеу дағдыларыңызды дамытасыз.
Курс келесі бес негізгі бөлімнен тұрады:
1.Кіріспе – ботаника пәнінің шығу тарихы, өсімдік жасушасының құрылысы, прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылықтары.
2.Өсімдік ұлпалары – түзуші, жабындық, негізгі, арқаулық, өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.
3.Өсімдік мүшелері – өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелері, өсімдіктердің көбею жолдары.
4.Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктердің алуан түрлілігі мен даму сатылары.
5.Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер – бұл екі топтың негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Әр тақырып видеосабақ форматында ұсынылады және оған сәйкес тапсырмалар мен грамматикалық жаттығулар беріледі. Бұл әдіс ботаника ғылымын ағылшын тілінде тиімді меңгеруге жол ашады.
Курстың мақсаты – оқу процесін қызықты, мазмұнды және екітілді ету арқылы сіздің ғылыми және тілдік құзыреттілігіңізді арттыру.
Білім жолындағы саяхатыңыз сәтті болсын!
Курстың мазмұны
Кіріспе
Ұлпалар
Өсімдік мүшелері
Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер.
Қорытынды.
Курсты аяқтап сертификат алыңыз
Өз дағдыларыңызды дамытып, курсты аяқтап сертификатты түйіндемеңізге қосыңыз.